Көкжайлау шатқалында зардап шеккен жігіт құтқарылды

624

ҚР ІІМ ТЖК республикалық жедел құтқару жасағы өткен демалыста құтқару операциясын жүргізді. 

Көкжайлау шатқалында зардап шеккен жігіт құтқарылды

Құтқарушылар тауға серуенге барып, аяғын сындырып алған жігітті төменге эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2021 жылдың 3 қаңтар күні, сағат 15.40-та ҚР ТЖМ РЖҚЖ кезекші-диспетчерлік бөліміне, 1997 жылы туған ер адамның аяғын сындырып алып, өздігімен қозғала алмайтыны туралы хабарлама келіп түсті. 8 адаммен оның ішінде 1 кинологиялық есептен тұратын құтқару тобы және жедел – жәрдем көлігі оқиға орнына бірден аттанды. Жолда жедел топ жәбірленушінің достарымен хабарласып, олардың нақты қайда екенін анықтады.Құтқарушылар зардап шегушінің достарымен үзбей байланыс орната отырып, олардың жағдайларын біліп, орындарынан қозғалмауларына кеңес берді",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Белгілі болғанындай достар таудан төмен сырғанаған 24 жастағы ер адам қатты жылдамдықпен төмен сырғанап келе жатып тасқа соғылған, салдарынан сол аяғын сындырып алған. Құтқарушылар оқиға орнына дер кезінде жетіп дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетті, жарақат алған жігітке жылы киім кигізіп, аяғын таңып тасымалдауды бастады.

"Зардап шеккен адамды тасымалдау, соқпақтың мұзды - сырғанақ болуымен күрделене түсті. Соған қарамастан оны шатқал автокөлік тұрағына жақын орналасқан, шлагбаумының жанында күтіп тұрған Апат медицина орталығы бригадасына тапсырдық",- деді Республикалық жедел құтқару жасағының мамандары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу