Көлік тіркеу қызметі уақытша тоқтатылады

1293

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс бөлімінің директоры Мұрат Жұманбай хабарлады.

Көлік тіркеу қызметі уақытша тоқтатылады

"2019 жылдың 23 қыркүйегінде ҚР ішкі істер министрлігінің деректер базасындағы техникалық жұмыстарға байланысты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу бойынша құжаттарды қабылдау сағат 10.30-дан 12.30-ға дейін және 17.00-ден 19.00-ге дейін тоқтатылады. Бұл қызмет түрі көрсетілген уақытта электрондық үкімет порталында да қол жетімді болмайды", – делінген facebook әлеуметтік желісіндегі хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу