Көліктік бақылау инспекцияларының 4 қызметкері тұтқындалған

1023

Көліктік бақылау инспекцияларының 4 қызметкері тұтқындалған

2018 жылдың басынан бері көліктік бақылау инспекцияларының 4 лауазымды тұлғасы жемқорлық қылмыс жасау күдігімен тұтқынға алынған. Олардың екеуі – Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының (КБИ) қызметкерлері, соның ішінде КБИ басшысының міндетін атқарушы; қалғандары – ШҚО бойынша КБИ қызметкерлері. Бұл туралы ҚР ИДМ көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев құрылымдық  ведомствоның селекторлық кеңесі барысында атап өтті, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ол есептік мерзімде қызметкерлердің инспекциялар арасында ауысқаны бойынша 10 фактісі анықталғанын атап өтті. Осылай Қостанай инспекциясы мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік құқық бұзушылық жасалғаны туралы мәліметі бар қызметкерді жұмысқа қабылдаған.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысты күшейту мақсатында комитетпен көлікті бақылау инспекцияларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі анализ бойынша арнайы жоспар қабылданды. Анализ қорытындысы бойынша көптеген құқық бұзушылық анықталды. Инспекция қызметкерлері құқық бұзушыларға айыппұлдар мен жүріп өту үшін жиналымдарды азайту арқылы заң жолына қайшы қолдау көрсеткен. ШҚО облысында 47 факті, ал Қарағанды облысында жеке кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке жеке тұлға ретінде тартылғаны бойынша 10 факті анықталды. Нәтижесінде 12 млн теңге айыппұл салынбаған. Барлық инспекциялар бойынша осындай 226 факті анықталды",- деп мәлімдеді комитет төрағасы.

Арақашықтықты қысқарту арқылы жиналым сомасын азайту фактілері де орын алған. Мысалы, Жамбыл облысында 2 осындай факті бойынша келтірілген нұқсан сомасы 1,1 млн теңгені құрады.

"В-АП" біріктірілген мобильді өлшеу құралынан Ахуалдық орталыққа түскен мәліметтер арқасында көптеген бұзушылықтар анықталғанын атап өткен жөн.

Сондай – ақ анализ инспекция басшыларының жазасы бар қызметкерлерге  негізсіз бейілділік жасағанын көрсетті. Маңғыстау облысында инспектор құқық бұзушыға ешқандай шара қолданбаған, анықталу барысында басшылық осы фактіге байланысты салғырттық танытқан.

"Испекциялар басышларына ескертемін, егер де қылмыстық құқық бұзушылық және құқық бұзушылықтың белгілері болған жағдайда құқық қорғау органдарын ақпараттандыру шараларын қолдану қажет, бөлек инспекциялардан комитетке құқық қорғау органдарына материалдарды жібермеу туралы өтініштер түсіп жатыр. Сондықтан осындай ұсыныстар тағы да келген жағдайда материалдар құралатын болады" -  деді Әсет Асавбаев.  

Бұзушылықтар кәсіпкерлік субъектілерін бақылауды іске асыру саласында да анықталған. Атап айтқанда, кәсіпкерлік субъектілерін негізсіз іріктелген тексеру тізіміне қосқан, немесе орынды негіздің болуына қарамастан қоспаған.  

Комитет басшысы жемқорлық сыбайлас тәуекелдері мен фактілерін қысқарту бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы және жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген инспекциялардың қызметкерлеріне сыйақы беру жүйесі енгізілгенін мәлімдеді.

Бұдан басқа анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша заңнаманы жетілдіру жұмыстары жалғасуда.

Көлікті бақылау процедурасы енді видеожетондарға түсірілетін болады. 

Сондай – ақ инспектор өткізілген әрбір тексерістің нәтижесі туралы актіні толтырып және сол актінің көшірмесін жүргізушіге беретін болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу