"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы аумағында сауда галереяларын іске қосу мерзімі келесі жылға ауыстырылды. Бұл туралы Алматы облыс әкімдігі хабарлады.
"Компания іске қосу уақытын 2019 жылдан 2020 жылға ауыстырды. Бұған себеп –жобалық шешімге байланысты. Сондай-ақ жобаның бюджеті де 20 млрд теңгеден 30,5 млрд теңгеге ұлғайды",– деді әкімдікте.
Сауда галереяларының жалпы аумағы –11,83 гектар.
Айта кетейік галереяларды іске қосуға жауапты компания – "ХоргосКАТ" ЖШС -2015 жылы құрылған. Ол жылжымалы сауда нысандарын салу мен жылжымайтын мүлікті жалға беру, басқарумен айналысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу