Елорда түбіндегі Қосшы елді мекенінде жолаушылар автобусы мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Қазақпарат STC компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін сағат 14:05-те "Лесная поляна" тұрғын үй алабы маңындағы Қарқаралы тас жолы мен Республика көшесінің қиылысындағы бағдаршамның істен шығуы салдарынан №303 бағдарындағы автобус пен "КамАЗ" автокөлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус ішінде 25-ке жуық жолаушы болды", – деп атап өтеді компаниядан.
Таратылған мәліметке қарағанда, автобус жүргізушісі сағатына 17 жылдамдықпен қосалқы көшеден шығып, "КамАЗ" жүк көлігімен қақтығысқан. Қазіргі мәлімет бойынша, жөл-көлік оқиғасы салдарынан оннан астам адам зардап шекті. Қосымша мәліметтер анықталып жатыр.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустың сол және алдыңғы жағы зақымдалды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Оның қоғамдық көліктегі тәжірибесі 25 жыл. Рейс алдындағы медициналық тексеруден бүгін сағат 05:00-де өткен. 2019 жылы біліктілікті жоғарлату орталығында оқыған", – делінген таратылған ақпаратта.