Қостанай облысына блокбекет қойылады

748

Маусымның 18-нен 19-ына қараған түні өңірде карантин шаралары күшейтіледі. 

Қостанай облысына блокбекет қойылады

"Соңғы күндері облыста эпидемиологиялық ахуалдың нашарлағаны, сонымен қатар тұрғындардың вирустан сақтанбай жүргені байқалады", – деп жазды аймақ әкімі Архимед Мұхамбетов. Сол себепті шұғыл штаб шектеу шараларын 30 маусымға дейін күшейту жөнінде шешім қабылдады. 

19 маусымда Қостанай – Әулиекөл – Сурган, Қостанай – Рудный және Арқалық – Амантоғай тас жолдарына үш блокбекет қойылады. Мамандандырылған ХҚКО 10:00-ден 18:00-ге дейін, ал автобазарлар 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді. 

Біраз уақыт бұрын Қарағанды мен Ақмола облыстарына да блокбекеттер қайта қойылып, Көкшетауға кірер жолдар жабылды. Жамбыл және Атырау облыстарында тұрғындардың түнде көше кезуіне тыйым салынды. 

Олжас Оқас

Фото: mediazona.ca

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу