Қостанай облысында төрт балықшы құтқарылды

901

Қостанай облысында төрт балықшы құтқарылды

Қостанай облысында балықшылар мінген көлік суға батып кетті. Оқиға Жоғары Тобыл су қоймасында болған. Суға бата бастаған "Нива" көлігінен 4 адам сыртқа шығып үлгірген. Олардың бірі белуардан батып, су ішінде қалып қойған. Бұл туралы Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің дерегіне сүйеніп Baq.kz хабарлайды.

"Шұғыл жеткен көмектің арқасында 1976, 1983, 1982, 1952 жылы туған 4 ер адам құтқарылды. Денесін үсік шалған бір азамат Лисаков қалалық ауруханасына жеткізілді. Құтқару жұмысына 4 адам, бір техника жұмылдырылды", – деп хабарлайды Қостанай облыстық ТЖД баспасөз хатшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу