Қостанай облысында жолға шығып кеткен мал көлік апатына себепші болды

1225

Қостанай облысында жолға шығып кеткен мал көлік апатына себепші болды

Қостанай облысында  жолға шыға келген малмен соқтығысудан қашқан  жеңіл көлік апатқа ұшырады. Бұл туралы "ҚазАқпарат" хабарлайды.

26 қазанда сағат таңертеңгі 8.00 шамасында "Пригородный кенті-Жітіқара" аралығында "Рено Логан" маркалы көлік апатқа ұшырады. Рөлді 43 жастағы әйел басқарып келе жатқан. Сол уақытта жолға сиыр шығып қалып, оны басып кетпеу үшін көлікті жалт бұрған жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған, деп жазады Алау.кз.

Салдарынан көлік жыраға түсіп кетті. Көлікте әйелдің 6, 13, 17 жастағы үш қызы болған. Қыздың үлкені ауыр жарақаттармен Жітіқара аудандық ауруханасына жеткізілді. Қалған екеуі жеңіл-желпі жарақат алған. Жүргізушінің де миы шайқалған.

Қазір полицейлер апат фактісі бойынша сот алды тергеу жүргізуде, сараптама тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу