Қостанайда басқарма және департамент басшысы тағайындалды

1241

Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы мен ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды  

Қостанайда басқарма және департамент басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның келісімі бойынша Қостанай облысы әкімінің өкімімен Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы болып Ержан Дәулетұлы Тоқтағұлов тағайындалды.

Бұрын ол ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Жанар Асылханқызы Адикова ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Бұған дейін ол ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу