Қостанайда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі аяқталды

622

Қостанай облысы дзюдодан Қазақстан біріншілігінде көш бастады.  

Қостанайда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі аяқталды

Соңғы жарыс күнінде командалық бәсеке жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Командалық сын финалында Қостанай және Алматы облыстары кездескен болатын. Тартысты бәсекеде татами иесі саналатын қостанайлықтар 4:3 есебімен жеңіске жетті. 

Қола жүлдені Батыс Қазақстан облысы мен Қызылорда облысы иеленген. Олар тиісінше Шымкент және Жамбыл облысының құрамаларын жеңді.

Айта кетелік, кеше Қостанайдағы ел чемпионатында жекелей сын мәресіне жетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу