Қостанайда полицейлер өртеніп жатқан үйден 15 адамды алып шықты

742

Қызмет бабымен жүрген полицейлер Жанболат Жаутин мен Амантай Байжанов өрт шыққан үйді байқап, дереу көмекке ұмтылған.

Қостанайда полицейлер өртеніп жатқан үйден 15 адамды алып шықты Фото: Максим Морозов

Қостанайлық тәртіп сақшылары өртеніп жатқан үйден он шақты адамды алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 22 сәуір күні түнгі 02:00 шамасында облыс орталығындағы Алтынсарин көшесінде болған. Бірнеше отбасы тұрып жатқан екіқабатты коттеджден өрт шыққан. Қызмет бабымен жүрген полицейлер Жанболат Жаутин мен Амантай Байжанов өрт шыққан үйді байқап, дереу көмекке ұмтылады.

"Біз бірден өрт сөндірушілерді шақырдық. Үй алдындағы биік қақпа жабық болды. Қоршаудан секіріп өтіп, үйдің сыртқы есігін бұздық. Бізде басқа амал болмады. Үйдің шатыры жанып жатты, айнала көктүтін. Адамдарды оятып, дереу сыртқа шығара бастадық. Өрт кезінде біз де қолымызды күйдіріп алыппыз", – дейді полицияның аға лейтенанты Жанболат Жаутин.

Тәртіп сақшылары коттедждегі 15 адамды құтқарып қалды. Оның ішінде 5 жасар бала болған.

Коттедж иесі Павел Яковлев өрттен аман алып қалған полицейлерге алғыс айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу