Қостанайдағы автомобиль зауытында 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

674

Қазіргі уақытта зауыт толық жүктемемен үш ауысымда жұмыс істейді.  

Қостанайдағы автомобиль зауытында 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Қостанай автомобиль зауытындағы "Chevrolet" маркасының жаңа үлгілерін құрастыратын Қазақстан-Өзбекстан бірлескен желісінде жыл соңына дейін 1 мыңнан астам жоғары өнімді жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта зауыт толық жүктемемен үш ауысымда жұмыс істейді.  

Жаңа өндірістік желіде "Chevrolet" маркалы автомобильдердің Damas, Labo, Trailblazer, Malibu, Spark сияқты бірнеше түрін құрастырады.

"Chevrolet Damas" автобусы мен "Chevrolet Labo" жүк машинасы құнының ақырғы қолжетімді құны шамамен 3 млн теңгені құрап, сауда, логистика, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы шағын және орта бизнес үшін тартымдылығын арттырады.     

Айта кетсек, Қазақстанда автомобиль жасау – экономиканың серпінді дамып келе жатқан салаларының бірі. Биылғы жылы автомобиль өнеркәсібі өнімдерінің жалпы көлемін жылына 100 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Салада оқшауланудың орта деңгейі 50%, коммерциялық техникалар мен автобустар бойынша 60-65% дейін жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу