Қосымша құн салығы бойынша мөлшерлеме әртүрлі – Руслан Дәленов

536

Ақпараттық жүйелер мен цифрлық қолтаңбада шешімін табуға тиіс мәселе бар.

Қосымша құн салығы бойынша мөлшерлеме әртүрлі – Руслан Дәленов

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің мәлімдеуінше, Еуразия экономика одағы аясында Қазақстан экспортын шектеп тұрған бірнеше мәселе бар. 

"Алкогольді өнімдер, акцизді өнімдер, антидемпингті салықты тергеу, бәсекеге қабілетті ұсыну мәселелері кедергі келтіріп тұр. Мұның бәрін дұрыстап зерттеп, қарастыру керек. Мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік сатып алуға қолжетімділікте және әртүрлі ақпараттық жүйелер мен цифрлық қолтаңбада да шешімін табуға тиіс мәселе бар. Осының барлығы Еуразия экономикалық комиссиясында қаралып жатыр. ҚҚС бойынша мөлшерлеме әртүрлі. Ресейдегі ҚҚС жоғары мөлшерлемесі, менің ойымша, экспортты ынталандырмайды – басқа елдерден тауардың кірмеуін қадағалайды", – деді Руслан Дәленов сенатта сөйлеген сөзінде. 

Министрдің мәлімдеуінше, Ресей Федерациясы кез келген тауарды шекарада 20% қосымша құнмен күтіп алады. Ал Қазақстанда импорттық тауарлар бойынша бұл мөлшерлеме 12%. 

"Мөлшерлемесі жоғары мемлекетте басымдық болуы мүмкін. Екінші жағынан экспорт кезінде экспорт туралы расталатын құжат алу қиын, яғни нөлдік мөлшерлемені пайдалану күрделі. Егер кәсіпорын шағын болса, Қазақстандағы контр-серіктес тауарды РФ-дан алып келе жатқанын растауы керек. Ресейлік экспортер үшін нөлдік ставканы пайдалану әрдайым сәтті бола бермейді. Сол себепті олардың тауары бойынша мөлшерлеме 20% болып қала береді", – деді Руслан Дәленов.

Оның сөзінше, еліміздегі 12% мөлшерлеме экспортқа өнім шығаруға жол ашады.

"Нөлдік мөлшерлемені қаламайтындар 12% өтеді. Отандық кәсіпкерлерде Ресей Федерациясына өнім экспорттауда басымдық бар", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу