Көмір саласы ҚР энергетика министрлігінен ҚР инвестициялар және даму министрлігіне берілуде, деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Көмір разрездерінен босатылатын көмірдің бағасы айтарлықтай көп емес. Түпкілікті тұтынушы үшін көмір бағасының өсіміне темір жол тарифтері және делдалдық құрылымдардың ( алып-сатарлар) "үстемелері" едәуір әсер етеді. Коммуналдық-тұрмыстық тұтынуышылар үшін көмірдің негізгі көлемі тауар биржалары арқылы сатылады.
Көмірге деген бағаның құрылуы, саудалық қызметті реттеу және делдалдық құрылымдарды жою ҚР энергетика министрлігінің құзырына жатпайды.
Саудалық қызметті реттеу, тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу, өңірлік даму және нарық субъектілеріне монополияға қарсы әрекет ету ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құзырында.
Ұлттық экономика министрлігі ҚР үкіметінің тапсырмасы бойынша биржалық сауда механизмін жетілдіру, көмір нарығына қатысушыларға талаптарды орнату және көмір саудасы нарығының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша басқа шараларды қабылдау бөлігінде тиісті Заң жобасын әзірлеуді қарастыруда.
Сонымен қатар, 2018 жылғы 29 маусымда күшіне енген Қазақстан Республикасының "Жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексіне сәйкес қазіргі уақытта көмір саласы мемлекеттік саясатын энергетика министрлігінен инвестициялар және даму министрлігіне берілуде.
Көмір саласы мәселелерін беруге байланысты өту кезеңінде энергетика министрлігі және инвестициялар және даму министрлігі "2018-2019 жылдардағы жылыту кезеңіне дайындыққа, оның өтуіне мониторинг және электрстанцияларын, коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықты көмірмен қамтамасыз ету жөніндегі штаб құру туралы" бірлескен бұйрықты қабылдады.
Жергілікті атқарушы органдар апта сайын Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігіне аудандар (әкімшілік бірліктер), соңғы тұтынушы үшін көмірдің сатылу бағасы, жақындағы 15 күнге көмір жеткізу жоспары бойынша бөле отырып, өңірлердегі коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа арналған көмір қоры бойынша ақпаратты ұсынады.