ҚР ҰЭМ экономикадағы бәсекелестік ортаны дамыту үшін салалық заңдарға "ревизия" жүргізуді ұсынды

1199

ҚР ҰЭМ экономикадағы бәсекелестік ортаны дамыту үшін салалық заңдарға "ревизия" жүргізуді ұсынды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысы кезінде ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қазақстанда бәсекелестікті дамыту бойынша ұсынылатын шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Министр Қазақстанда ЭЫДҰ стандарттарына сай келетін монополияға қарсы заң барын, алайда бәсекелестік деңгейі төмен болып қалып отырғанын жеткізді.

Оның айтуынша, мұның себебі көбінесе бәсекелестіктің базалық қағидаттарына қайшы келетін салалық заңнама нормаларымен байланысты. Нәтижесінде, базалық нарықтарда бәсекелестікті дамыту үшін әкімшілік, экономикалық, техникалық және басқа тосқауылдар пайда болады.

Осыған байланысты, салалық заңдарға өзіндік "ревизия" жүргізу ұсынылады, бұл бәсекелестік қағидаттарына қайшы келетін нормалар мен ережелерді алып тастауға және реттеу ашықтығы мен транспаренттілігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу