Құқық бұзушыларды қомақты айыппұл күтіп тұр

1196

Құқық бұзушыларды қомақты айыппұл күтіп тұр

Ұқыпсыз жүргізушілер қатты қалдықтарды қала сыртындағы полигонға шығармай, көшеде, адам аз жүретін жерлерге, шаһар шетіне шығып төге салады. Құқық бұзушыларды қомақты айыппұл күтіп тұр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

"Рұқсат етілмеген жерлерге қоқыстарды шығаруға жол бермеу мақсатында біз тұрақты жұмыс жүргізіп тұрамыз. Мұнда жол патрульдік қызметі, участкелік инспекторлар, табиғатты қорғау полициясы жұмылдырылады. Жыл басынан бері рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс төккен 120-дан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Астана қаласының ІІД ЖПҚ басшысы Бақытжан Малыбаев.

Айыппұлдан бөлек, әкімшілік хаттама толтырған соң тәртіпті бұзған жүргізушілердің өздері қоқысты қалалық полигонға апарып төгу шарасы қолданылады. Ол "Алаш" тасжолы бойында орналасқан

Қала аумағын құрылыс қалдықтарымен ластаған, рұқсат етілмеген жерде қоқыс үю және бақылау жүргізбеу бойынша елорданың мердігер және құрылыс компанияларына қатысты әкімшілік тұрғыда жаза қолданылады.

"Барлық ұйымдарда қоқыс полигондарымен келісімшарт бар. Бірақ олар онда апармайды, ал белгіленбеген жерге, жақын маңға шығарып шашады. Сондықтан осындағы жол беретін құрылыс компанияларына қатысты жаза күшейтіледі. Біз үйлеріне құрылыс жасаған соң қалдықтарды рұқсат етілмеген жерге төге салатын жеке тұлғаларға қатысты жұмыстарды жалғастырамыз. Бұл іс-шараларда ІІД мен ЖПҚ барлық күші жұмылдырылған", - дейді Бақытжан Малыбаев.

Бұдан бөлек, Астана басшылығы тарапынан жаңа рұқсат етілмеген жерлердің пайда болуына жол бермес үшін ескерту шаралары жүргізілуде. Елорданың шет аумақтарына ерекше көңіл бөлінуде. Бұл жерлерде қатты қалдықтар үйінділері жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтардай пайда болуда. Мәселен, қоқыс төгуге арналмаған жерлерде аумаққа жүк көлігі кіріп, қоқыс төге алмайтындайжыра қазады. Сонымен қатар ЖПҚ-ның участкелік инспекторлары елорда шетінде жүретін ауыр көлік жүргізушілерімен әңгімелесу, түсіндіру жүргізіледі.

"Айта кету керек, жыл өткен сайын елордада заңсыз қоқыс орындары азайып келеді. Бұл мемлекеттік органдардың – әкімдік, ЖПҚ, участкелік қызметтің жұмыла жасаған жұмыстарының арқасында мүмкін болып отыр.Алайда немқұрайлы қарайтын жүргізушілер де бар. Олар рұқсат емес жерлерде төгуді жалғастыруда. Бірақ біз өз күшімізбен оларды жауапкершілікке тартамыз және қатты қалдықтарды арнайы орындарға шығаруды міндеттейміз", - деді "Сарыарқа" ауданы ІІД ЖПҚ-ның табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің басшысы Арман Сыздықов.

Оның сөзінше, бұл аталған құқық бұзушылық үшін жеке тұлғаларға айыппұл 20 АЕК салынады. Заңды тұлғалар, егер бұл орта және шағын бизнес болса – 30 АЕК көлемінде, ал қайталап Заң бұзған жағдайда – 40 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Естеріңізге саламыз, елордада 15 тамыздан 15 қыркүйек жергілікті полиция қызметі, қалалық прокуратура, экология департаменті, әкімшілік және криминалды полицияның қатысуымен рұқсат етілмеген жерлерді жою бағытында айлық өтуде. Елорда төңірегінде рұқсат етілмеген жерлерде қоқыс орындарын жасаған тұлғаларды анықтау және жолын кесу бойынша Заңға сәйкес жауапкершілікке тартуға үлкен мән беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу