Құлсарыдан Маңғыстауға эвакуацияланғандар 14 мың адамға жетті

283

Оладың 6800-і Боранқұл, Есет, Сарға ауылдарын паналады. Қалған 8 мыңы Бейнеу ауданының орталығына барды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Құлсарыдан Маңғыстауға эвакуацияланғандар 14 мың адамға жетті Фото: inbusiness.kz

7 538-і туысқандарының үйіне, ал 1 160 адам, оның ішінде 501-і бала эвакуациялық уақытша пункттерге орналастырылды. Бейнеу аудандық ауруханасына 32, Боранқұл ауылдық ауруханасына бір емделуші жіберілді. 
Облыс бойынша 201 уақытша орналастыру пункті баспанасыз қалған азаматтарды қабылдауға дайын. Олар 83 мыңнан астам адамға арналған.


“Есікті соғып эвакуация боп жатыр дайындалыңыз деді. Жарық, су болмады. Түнде пойызға бардық, адамға толып кетіп қалды. Жолдасымның машинасымен бес баламды алып Бейнеуге келдік. Мында бәрі тегін, тамақ бәрін беріп жатыр. Қиын-қыстау кезде көмектескендерге алғысымыз шексіз”, - дейді Құлсары қаласының тұрғыны Гүлжан Жексенбаева. 

Жергілікті жатақханалар да апаттан зардап шеккен ағайынды қабылдауға дайын. Ең қажетті деген азық-түлік, ас-су әзір. Тіпті, ақтаулық ұстаздар атыраулық оқушыларды онлайн форматта болсын, оқытуға дайынбыз дейді.

“14 мыңнан астам адам ауданға келді. 80 мың халқы бар Жылой ауданының халқы су апатынан болған келеңсіз оқиғадан түгел 80 мыңы келеміз десе де, Бейнеу ауданының халқы 80 қарсы алуға дайын. Қанша күн қиналса, біз бірге тұрып қиналамыз”, - дейді Бейнеу ауданының әкімі Рақымжан Шалбаев.


Маңғыстауға су тасқыны төнсе, арнайы техникалар мен су тораптары дайын. Құм мен қапшықтар да әзірленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу