2023 жылдың қаңтарынан күнбағыс тұқымын экспорттауға баж салығы енгізілмек. Алайда бұл алымның нормалары сала өкілдеріне ыңғайсыз.
Бекқали Торғаевтың айтуынша, бұл шешімді қабылдау қажеттілігі күнбағыс тұқымының жаһандық тапшылығына, соның ішінде қазіргі геосаяси жағдайға байланысты.
Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің ұстанымына сүйенсек, аталған шектеу отандық май өңдеу зауыттарын жүктеп, жоғары сапалы тауарларды экспорттау қажеттілігіне негізделген.
"Алайда бұл шешім фермерлер мен егіншілер тарапынан наразылық тудырды. Мәселен, Қазақстанда күнбағыс майының өндірісі жыл сайын артып келеді. 2017 жылдан бастап тазартылмаған май өндіру көлемі екі есеге жуық өсті. Май өңдеу зауыттары өнімді терең өңдеу технологияларына инвестиция салмайды, оның орнына іс жүзінде айтарлықтай қосымша құны жоқ бастапқы өңдеуді ғана пайдаланады. Сонымен қатар бүгінгі таңда кәсіпорындар тек алғашқы өңдеуді игеріп, өнімдердің барлығын Қытай мен таяу шет елдердің нарығына жөнелту үрдісі айқын байқалады. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстандағы сөрелер 80%-ға дейін импорттық өнімдермен, соның ішінде күнбағыс майымен толтырылған", – деді депутат.
Бұл шешімді қабылдаудағы басты мақсат – азық-түлік өнімдерінің, оның ішінде күнбағыс майы бағасының өсімін тежеу.
"Іс жүзінде 2021-2022 жылдары күнбағыс тұқымдарына енгізілген экспорттық шектеулер күткен нәтиже бермеді. Қазақстанда азық-түлік бағасы екі есе өскен. Сонымен бірге күнбағыс тұқымын экспорттауға баж салығын енгізу туралы шешім қабылданған кезде фермерлердің және олардың бірлестіктерінің пікірі мен дәлелдері тыңдалмады. Шектеулер фермерлерге тікелей экономикалық зиян келтіруде, бұл кейіннен егін шаруашылығы секторының және жалпы ауылдың дамуына әсер етеді", - деген депутат бірнеше ұсыныс айтты.
Сонымен қатар шектеулер егін шаруашылығы секторының, соның ішінде майлы дақылдар
Біріншіден, осы баждарды қабылдауды кейінге қалдырып, салмақты шешім қабылдау үшін жан-жақты, тиянақты жұмыс жүргізу керек. Бұл мәселені жан-жақты қарастыру қажет, өйткені агроөнеркәсіп кешені мен ауыл тұрғындарын дамыту мемлекет үшін басымдық, бұл туралы Мемлекет басшысы да ерекше атап өтті.
Екіншіден, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен жан-жақты талқылау және жаңа ұсыныстар әзірлеу үшін фермерлер мен егіншілермен жеке кездесу ұйымдастыру керек.
Үшіншіден, отандық май өңдеу кәсіпорындарын жүктеу үшін Азық-түлік корпорациясының, ӘКК (Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы) қолданыстағы құралдарын пайдалана отырып, шараларды жүзеге асырудың баламалы механизмдерін әзірлеу қажет.