Күріштің қауызынан электр энергиясын өндіруге болады

1659

Күріштің қауызынан электр энергиясын өндіруге болады

 

Күріштің қауызынан да электр энергиясын алуға болады. Шымкенттік өнертапқыш баламалы энергия қуатын өндіретін жаңа құрылғы жасап шықан. Жанармайдың орнына күріш дәнегі қолданылады. 20 жастағы өнертапқыштың айтуынша биологиялық батареяның құны 10 мың теңге. Оған қоса жаңа құрылғы 3 ай бойы 1800 киловат электр энергиясын өндіруге қауқарлы. Тоқ өндіргіштің жұмыс істеу қағидасы қарапайым. Мәселен күріш қауызына таза биологиялық базофильді бактериялардың қоспасы қосылады. Осы сәтте қауыздың жаңқаларынан жарықшақ пайда болып, ол электр энергиясын береді дейді автор. Оңтүстікте өз бағасын алған құрылғы үшін Ілияс Мұрат 1 млн теңге гран жеңіп алған. Қазірдің өзінде өнертапқыш қаладағы саябақтарға жарық үнемдегіш диодты лампалар орнатқан. Дегенмен Ілияс жаңа құрылғыны көбейту үшін алдымен демеуші керек екенін айтады. Автор болса мұндай электр өндіргіштің елімізде әлі де баламасы жоқ екеніне сенімді.

Ілияс Мұрат Биологиялық батареяның құрастырушысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу