Астаналық ТЖ департаменті мен Өрт сөндіру қызметінде "Донор күні" акциясы өтті. Акция қан тапсырып, өзгелердің сауығып кетуіне көмек бергісі келгендерді жинады, деп хабарлайды елорда әкімідігінің ресми сайты қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы қызметкерлері ТЖД және Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерінен донорлық қан алды. Акцияға барлығы 50-ге жуық адам қатысты.
Қан тапсырып, көмек беруге департаменттің және Өрт сөндіру қызметінің басшылығы мен жеке құрамы келді.
"Азаматтық міндеттерін орындауға тәжірибелі құтқарушылардан басқа Өрт сөндіру қызметінің жас қызметкерлері де келді. Олардың басым бөлігі алғаш рет қан тапсырса да, бұл іске жауапкершілікпен келген. Барлығы медицина қызметкерлерінің ұйғарымына сәйкес қан тапсыруға дайындықпен келіп отыр" – делінген хабарламада.