Қырғызстан президенті Жээнбековті Үкімет басшысы етіп бекітті

1132

Қырғызстан президенті Жээнбековті Үкімет басшысы етіп бекітті

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Сооранбай Жээнбековті республика үкіметінің басшысы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп мәлім етті "Интерфакске" мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

9 қарашада Қырғызстан парламенті  Жээнбековтің  премьер-министр болып тағайындалуына дауыс берген болатын. Сооранбай Жээнбековтің кандидатурасын Социал-демократиялық партия, "Қырғызстан" және "Бір бол" фракцияларынан құралған парламенттік коалиция ұсыныс етті.  Осылайша, Жээнбеков елдің премьер-министрі қызметтік тағын сақтап қалды. Ол бұл лауазымға  сәуірдің ортасында тағайындалған болатын. Жээнбековтің жасы 58-де, үкімет басшысы болып тағайындалғанға дейін республика үкіметінде басшылық лауазымдар атқарды. Ол сонымен қатар Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясы саяси кеңесінің мүшесі. Бұл партияның тізгінін президент болып сайланғанға дейін Алмазбек Атамбаев ұстаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу