Қытай 2019 жылдан бері жоғары технологиялар саласында әлемдік көшбасшы

684

2019 жылы Қытай алғаш рет берілген патенттік өтінімдер мен жоғары технологиялық лицензиялар саны бойынша АҚШ-ты басып озды.  

Қытай 2019 жылдан бері жоғары технологиялар саласында әлемдік көшбасшы Фото: russian.news.cn

Содан бері аспан асты елі әлемдік көшбасшылықты сақтап келеді, деп жазады inbusiness.kz "Ресей газетіне" сілтеме жасап.

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) мәліметтері бойынша, 2021 жылы Қытайда патенттік өтінімдер мен берілген лицензиялардың рекордтық саны тіркелді - шамамен 420 мың, яғни 2020 жылмен салыстырғанда 15%-ға өсті.

Бұл салада сонау 1978 жылдан бастап АҚШ ешкімге дес бермей келген, алайда 2019 жылы Қытай шамамен 1000 өтінім беріп, оны басып озды. Осы күнге дейін көшбасшылықты сақтап қана қоймай, көрсеткіштердің арасын алшақтатып келеді.

Қытай әлемдегі ең ірі жартылай өткізгіш өндірушісі болмаса да, өткен жылы қытайлық компаниялар жартылай өткізгіштерге қатысты әлемде тіркелген патенттік өтінімдердің жалпы санының жартысынан көбін берді. Барлығы - 69 190, бұл бес жыл бұрынғы көрсеткіштее 59%-ға артық. Мұның барлығы Қытайдың батыстық технологияларға тәуелділігін төмендетуге деген ұмтылысын көрсетеді. Ал АҚШ 59 230 өтініммен екінші орында тұр. 50 520 өтінім берген Жапония келесі кезекте тұр.

Қытайдың жоғары технология бойынша көшбасшы екенін Австралияның стратегиялық саясат институты зерттеуі де растады, оның мамандары негізгі технологиялар бойынша басылымдардың санын есептеді. Нәтижелерге сәйкес, қытай наноматериалдар мен робототехниканы жасаудан бастап озық радиожиілік коммуникацияларына, қорғаныс пен ғарыштық технологияларға дейінгі 44 саланың 37-сінде бірінші орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу