Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды

1952

25 жастағы қазақстандық қыз Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды

2019 жылғы 27 желтоқсанда Гуанчжоу сотында есірткі заттарын тасымалдау ісі бойынша айыпталған Қазақстан Республикасының азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

"Қытай соты өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот отырысына адвокаттар мен Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің консулы қатысты. Сот үкімі 10 күн өткен соң күшіне енеді",– делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталған еді. Оның сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды.

Ақжарқын Тұрлыбай Түркістан облысының тумасы, 1994 жылы 21 ақпанда дүниеге келген. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу