Қызылордада дзюдошылар бақ сынайды

1006

Қызылордада дзюдошылар бақ сынайды

Үстіміздегі жылдың 22-23 қазанында Қызылорда қаласында Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовті еске алуға арналған 1997-1998 жылдары туылған жастар арасында дзюдодан халықаралық  турнир өтеді.

Бұл туралы  облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім етті.

Биыл 16-шы  мәрте ұйымдастырылатын дүбірлі бәсекеге еліміздің он бір облысынан және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 250-ге жуық татами шебері 16  салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.

Жарыс ұлдар және қыздар арасында да 8 салмақ дәрежесі бойынша өтеді.

Турнирдің салтанатты ашылуы 22 қазан, сағат 12.00-де "Еуразия" спорт кешенінде өтеді. 

ҚазАқпарат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу