Қызылордалықтар шөлге егін егу технологиясын өндіріске енгізді

2385

Сыр өңірінде су тапшылығына байланысты мақсары мен жаздық бидай өсірушілерге тиімді "ЗЕБА" қондырғысы өндіріске енгізілді.

Қызылордалықтар шөлге егін егу технологиясын өндіріске енгізді

Соңғы жылдары қызылордалық диқандар суды көп қажет ететін күріш дақылынан біртіндеп мақсары мен жаздық бидайға көше бастады. Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарынң айтуынша, Америкада жасалған "ЗЕБА" гидрогелінің 1 грамы 500 мл ерітіндіні бойына сіңіріп сақтайды. Әрі ол өсімдіктің тамыры арқылы сорылып ылғалға сұранысын ыңғайлы қамтамасыз етеді. Шөл жерде жаздық бидай дәнінің толысуына және мақсарының толық пісуіне жағдай жасалады. "ЗЕБА" гидрогелі түйіршіктері өсімдік тамырларының шоғырланған қабатына сепкішпен орналастырылады. 

"Гидрогель негізі ерігіш полиэлетролит. Бұл қосылыстың беткі қабаттары сорғыш әрі алмасу реакцияларына дайын амин, карбоксил, гидроксил топтарына толы. Гидрогел су ертіндісін бойына сақтайды. Топырақтағы тыңайтқышты үнемдеп, күзге дейін қоректік заттармен қамтамасыз етеді", – дейді Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жетекші маманы Бақытжан Дүйсембеков.

Ғалымдардың таңдауы Жаңақорған ауданындағы "Бесарық +О" ЖШС-ның көрсетілім алаңына бес гектарға түсті. "ЗЕБА" қолданған жердегі жаздық бидай шығымы орташа есеппен 15% көп болса, мақсарының шығымы 41% жоғары болып отыр. Яғни, жаздық бидайдан дәндік өнімді гектарына 7 центнерден 15 центнерге, мақсарыдан 7-ден 15 центнерге дейін көтеру мүмкіндігі бар.

Ескендір Ертай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу