Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров коронавирусқа қарсы вакцинаның Қазақстанға сатылуы туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен Мәскеудегі кездесуі барысында айтты.
"Тамыздың соңында вице-премьер Роман Скляр Мәскеуге келген кезде осының барлығын талқыладық. Клиникалық сынақ өткізу үшін ресейлік вакцинаны Қазақстанға жеткізу туралы ортақ келісім бар", – деді Лавров.
Мұхьар Тілеуберді кездесу барысында екпенің қажетті көлемі туралы меморандумға қол қойылғанын жариялады. Сонымен қатар қазақстандық ғалымдардың да вакцинаны жасап шығарғанын айтты.
"Олар енді-енді сынақты өткізуге кірісіп жатыр. Біздің ғалымдар ақпан айына қарай өндірісті бастамақ", – деді ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен "СК-Фармация" "Спутник V" деп аталатын екпені елімізге әкелу туралы келісімге қол қойған болатын.
Табиғат Нұрболат