Ресейде вакцинация процесі басталды

884

Елде "Спутник V" және "Эпиваккорон"  вакциналары ресми түрде тіркелген.

Ресейде вакцинация процесі басталды Фото: rbc.ru

18 қаңтарда Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина егу процесі басталды. Өткен жылдың желтоқсан айында азаматтардың белгілі бір санаттарына, нақтырақ айтқанда, дәрігерлерге, мұғалімдерге, әлеуметтік қызметкерлерге, созылмалы аурулары бар тұрғындарға екпе егілген еді. 

Вице-премьер Татьяна Голикова  18 қаңтардан бастап елде жаппай егу науқаны басталатынын айтқан болатын. Ескере кететін жайт, елде екі вакцина ресми түрде тіркелген. Тамыз айында Денсаулық сақтау министрлігі "Спутник V", кейін "Эпиваккорон"  вакцинасын тіркеді. 

Қазір Чумаков атындағы иммунобиологиялық препараттарды зерттеу және дамыту федералды ғылыми орталығын тағы бір препаратты жасап жатыр.Бұл вакцинаны тіркеу 2021 жылдың ақпан айында басталады.

Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко вакцинаның 1,6 миллионнан астам дозасы айналымға түскенін хабарлаған еді. Енді осы айдың соңына дейін тағы "Спутник V" вакцинасының екі миллион дозасы аймақтарға жеткізіледі. 
Ресейде вирусқа қарсы вакцинация тегін және ерікті негізде жүргізіледі.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу