Мәдениет саласында жұмыс істейтіндердің айлығы 3,5%-ға төмендеді

682

 Бұған қоса өнерде жүрген жастар қатары азайған. 

Мәдениет саласында жұмыс істейтіндердің айлығы 3,5%-ға төмендеді

2020 жылдың екінші тоқсанында көңіл көтеру, мәдениет, демалыс саласында еңбек ететіндердің саны 140,4 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 6,9%-ға төмен, деп хабарлады ranking.kz. 

Олардың 60,9%-ы немесе 85,5 мыңы әйелдер, 39,1%-ы немесе 54,8 мыңы ерлер. 
Алайда салада жастар азайған. Мәселен, қазір олардың саны – 35,4 мың адам. Бұл өткен жылдың екінші тоқсанынан 16,9%-ға төмен. 

Өңірлер бойынша өнер адамдарының көбі Алматыда тұрады. Яғни олардың мегаполистегі саны 16,4 мыңды құрайды. Шаhарда  шығармашыл жандардың қатары 1,4%-ға көбейген. 

Одан кейінгі орында Алматы облысы (14,6 мың адам, 21,8%-ға азайған) және Түркістан облысы (14,3 мың адам, 10,8%-ға төмендеген) тұр.

Сонымен қатар елімізде мәдениет саласын жетілдіру мақсатында бірқатар заң жобаларына өзгерістер енгізілуде. Оның бірі өнер ұжымдары мен концерттік кештер ұйымдастыруды қадағалауға бағытталған. Заң жобасында ұлтаралық араздыққа әкеп соқтыратын кез келген контентке тыйым салынған. Бұған қоса, концерттік кеш ұйыдастырушылары көрермендерге алдын-ала фонограмма қолданатыны туралы ескертуге тиіс болады.

Ал сала мамандарының жалақысына келсек, 2020 жылдың екінші тоқсанында  орташа көрсеткіш 144,8 мың теңге болды. Бұл өткен жылдан 3,5%-ға төмен. Инфляцияны ескергенде сатып алу қабілетінің жылдық төмендеуі 9,6%-ды құрады.
Салыстырмалы түрде алсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде сала мамандарының айлығы 150,1 мың теңге еді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу