25 қазаннан бастап ауыл шаруашылығы, яғни үй жануарларын Қазақстаннан сыртқа сатуға не шығаруға тыйым салынады. Тыйым 6 ай мерзіміне енгізілмек, деп хабарлайды Atameken Business.
Яғни, жарты жыл ішінде ұсақ және ірі қара малды тірі салмақта шетелге шығаруға болмайды. Тыйым жас және аналық малдарға қатысты.
Ауыл шаруашылығы министрінің және премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрінің бірлескен бұйрығы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланды. Құжат ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу