Маңғыстауда Амал мерекесіне арналған халықаралық конференция өтті

555

"Ұлыстың ұлы күні: тарихи тағылымы мен жаңа көзқарастар". Маңғыстауда өткен халықаралық конференцияның тақырыбы осындай.  

Маңғыстауда Амал мерекесіне арналған халықаралық конференция өтті Фото: inbusiness.kz

Шараға Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген тарихшы-ғалымдар қатысты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Мұхаммед Физули атындағы Әзірбайжан ұлттық ғылым академиясы қолжазбалар институтының ғылыми қызметкері, доцент және профессор Незакет Меммедли: "Әзірбайжан халқы жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағын "жыл басы" деп есептейді. От киесіне  тәу етіп, кесапат-кесел мен жамандық атаулыдан аластайтын қасиеті бар деген сеніммен наурыздың айрықша нышаны ретінде алаудан аттап секіру сақталған. Мереке қарсаңында бақилық болғандардың рухына құран бағышталып, қыздарға сыйлық беріледі. Халық әндері орындалады", - деп түсіндірді.

Ал, Түркиядағы "Байрам Вели" университеті және "Қажы Бекташ Вели" зерттеу орталығының директоры Ахмет Ташғын бала күнінде Амал мерекесінің тойланғанына куә болғанын айтты.

"Амал мерекесі "қайдан шықты, не үшін тойланады?" деген сұрақтар мені де қызықтырды. Мереке тарихын зерттеген кезде түрік және қазақ елі мәдениетінің түбі бір екеніне тағы көзім жетті. Жаһандану үдерісі кейбір ұлттық салт-дәстүрлерімізді жадымыздан өшіріп тастағандай күйдеміз. Біз бұл салтты, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа өнеге етуіміз керек. Ауызбірлігіміз бен тұтастығымызды сақтап, рухани жаңғыру даңғылына түсуіміз сондай маңызды", - дейді түрік профессоры Ахмет Ташғын.

Басқосуда түркі елдерінің тарихын тереңнен зерделеу үшін өткенді тану, тарихи жадымызды жаңғырту маңызды екені сараланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу