Маңғыстау облысы Жетібай кентінде қоршаған ортаны қорғау үшін мұнай және газ кен орындарын барлау, бағалау және игеру кезінде экологияға залал тигізетін жағдайды азайту жоспарланды.
"10 полигонды тазалауға кірістік. Ендігі кезекте тарихи мұнай қалдықтарымен ластанған жерлерді тазартуға арналып отыр. "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясының негізгі бағыты 15 мұнай-газ кенорындарында жүргізеді. Оның ең үлкендері Қаламқас, Жетібай кен орындары. Одан басқа Асар, Оймашы, Шығыс Жетібай, Алатөбе, Солтүстік Қарақия, Оңтүстік Жетібай, Бектұрлы, Сарытөбе сияқты кішігірім кенорындарына жұмыс істеп келеді",- дейді компания өкілдері.
1961 жылы Жетібай кен орнында алғашқы мұнай фонтаны атқылап, 1963 жылы мұнай мекемесі құрылып, компанияның іргетасы қаланғанды. Арадан 60 жыл өткенде мұнда мұнай қалдықтарын қауіпсіз деңгейде өңдеудің озық технологияларына басымдық беріліп отыр. Мердігер кешеніндегі мұнаймен ластанған аумақтарды тазарту және өңдеу, сондай-ақ техникалық рекультивациядан кейін қайта өңделген топырақты пайдалануды көздейді.
Жетібай кен орнының Шығыс Жетібай учаскесінде №102 ұңғыма аумағында мұнаймен ластанған жер аумақтарында топырақтар алынып, "Вест дала" компаниясының Қарақия ауданында орналасқан жеке қалдықтарды қабылдау кешенінде өңдеу жұмыстары жүргізілген.
Негізгі топырақты өңдеу жұмыстары бұл биоремадиациялық өңдеу жұмыстарына арналған, гран бил препаратымен топырақ өңделді. Негізгі келісімшарт бойынша көлемі 87 818 тонна, соның қазіргі уақытта 59 461 тоннасы тазаланып, акредиттелген зертханамен талдау алынып, оң нәтиже көрсеткеннен кейін Шығыс Жетібай кен орнында қайтадан өңделген топырақтарға рекультивация жұмыстары басталды. Келісімшарт мерзімі жыл аяғына дейін жасақталған.
"Қаражанбасмұнай" АҚ-да 383 мың 611 тонна, "Өзенмұнайгаз" бойынша 2 млн 263 443 тонна, Маңғыстаумұнайгаз бойынша 1 млн 64 958 тонна, барлығы 3 млн 324570 тонна мұнай қалдықтарымен ластанған тарихи аймақ топырағы тазартылып, ел игілігіне қайтару жұмыстары жүйелі жүрмек.
2017-2020 жылдар аралығында мұнай қалдықтары бар 10 полигон тазартылып шыққан болатын. Бұл мақсатқа 2021-2023 жылдары жалпы сомасы 13 млрд теңге жұмсалған. Айта кететін бір жайт, мердігерлер келісілген және бекітілген инвентаризацияға сәйкес нысандарды тазартып, ластанған топырақты өз кешендерінде өңдейді. Ластанған топырақ қауіпсіз деңгейге дейін тазартылған соң, тәуелсіз аккредиттелген зертханалармен талдау жасалады. Талдау бойынша оң нәтиже алынғаннан кейін өңделген топырақ тазартылған аумақты рекультивациялауға пайдаланылады және мемлекеттік бақылау органдарына және жергілікті атқарушы органдарға тапсырылады.