Бүгін Маңғыстауға ресейлік 9 дәрігер келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Олардың арасында инфекционист, невролог, педиатр, кардиолог т.б мамандар бар:
1. Дворницына Карина Константиновна, инфекционист дәрігер, коронавирус індетімен күресуші топтың басшысы болған, тәжірибесі бар.
2. Оганисян Артур Александрович, денсаулық сақтау саласын ұйымдастыршы дәрігер, коронавирус індетімен күресуші топтың басшысы болған, тәжірибесі бар.
3. Шенгиреев Игорь Константинович, невролог, антикоагулянттар және т.б. дәрі-дәрмек мөлшерін анықтаумен айналысушы маман.
4. Захарова Дарья Константиновна, педиатр, кардиолог, коронавирус індетімен күресуде тәжірибесі бар.
5. Ямалтдинов Азат Афканович, пульмонолог, рентгенолог, фтизиатр дәрігер. 6. Кочергина Валентина Владимировна, реаниматолог, коронавирус індетімен күресуде тәжірибесі бар.
7. Федоренко Инна Николаевна, терапевт, кардиолог, коронавирус індетімен күресуде тәжірибесі бар дәрігер.
8. Захаров Лев Владимирович, ковид жұқтырған науқастарды босандырып алуда тәжірибесі бар акушер.
9. Суковатицина Ольга Станиславовна, фельдшер, ковид жұқтырған науқастарды емдеуде тәжірибесі бар дәрігер. Мәскеуден келген медицина қызметкерлері ауруханаларға бөлініп, жұмыстарына кірісіп кетті.
Айта кетейік, аталған дәрігерлер облыс әкімдігі ұсынған чартерлік рейспен ұшып келді. Бұл іске "МаңғыстауМұнайГаз" компаниясы демеушілік көрсетті.
Еске сала кетсек, Маңғыстау өңірінде науқастар саны артуына байланысты, мамандарға тапшылық айтарлықтай сезілді. Өңір әкімі мәселені шетелдік және жас мамандар есебінен шешілетінін айтқан болатын.
"Ауру барлық жерге тарағандықтан бізге 500-ге жуық дәрігер жетіспейді. Оның бір бөлігін медицина мамандығын меңгеріп жатқан студенттермен толтырмақпыз. Биыл 77 студент дипломын алады. Бұдан бөлек Ресейден Қазақстанға келген дәрігердің ішінен 5 маман сұрап отырмыз. Министрлікпен келіссөз жүріп жатыр. Ол да көмек болар еді. Қосымша Мәскеуге де шығып жатырмыз. Ол жақтан 11 дәрігер келуге дайын. Мәскеуден Ақтауға тікелей ұшақ ұшпайтындықтан, арнайы чартерлік рейспен алдырмақшымыз. "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясы қолдау көрсетеді. Грузиядан да елшілік арқылы дәрігер шақыртпақпыз",– деген еді өңір әкімі Серікбай Трұмов.