Марқакөлде браконьерлер ұсталып, қамауға алынды

1386

Аймақтағы мемлекеттік табиғи қорықтың қызметкерлері айырықша қорғалатын нысанда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің орнына, өздері заңсыз әрекеттерге барған.

 Марқакөлде браконьерлер ұсталып, қамауға алынды

Марқакөлде заңсыз балық аулап келген қылмыстық топ ұсталды. Арнайы операция Президент тапсырмасына сәйкес жүргізілген.

Белгілі болғандай, аймақтағы мемлекеттік табиғи қорықтың қызметкері айырықша қорғалатын нысанда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің орнына, өздері заңсыз әрекеттерге барған.

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 90 литр уылдырық, мыңнан астам заңсыз ауланған майқан балығы, сондай-ақ, 3 млн 800 теңге сомасында ақшалай қаражат, балық аулайтын торлар, рация және тіркелмеген тапанша алынды. 

"Тергеу барысында аталған кезеңде Марқакөл көлінен бір тоннадан астам майқан балығы заңсыз ауланғаны анықталды. Уылдырықты алғаннан кейін қылмыскерлер балықты күзетілетін аймақтағы жерге көміп кеткен",– дейді ШҚО полиция департаментінің өкілі Гүлжан Қамзина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу