Мәулен Әшімбаев Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

1403

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Тұңғыш Президент күніне орай Facebook арқылы қазақстандықтарға құттықтау жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Мәулен Әшімбаев Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

"Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Бұл мерекенің елдігіміз бен егемендігіміз үшін маңызы зор. Себебі, 1 желтоқсан ұлт шежіресіне халқымыз кемел келешек жолында тарихи таңдау жасаған күн ретінде жазылды. Шын мәнінде, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері мен жеңістері Елбасымыздың ерен еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз. Тұңғыш Президентіміз сайланған күнді жалпыұлттық мейрамға айналдырып, кең көлемде атап өтуді халықтың Елбасына деген ерекше құрметі деп қабылдауымыз керек. Елбасына көрсетілген құрмет – тәуелсіздікке жасалған тағзым", - деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар ол кеше өткен халықаралық конференцияда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет қалыптастыру жолындағы ерік-жігері мен қажыр-қайраты туралы сөз қозғалып, тарихи шешімдері талқыға түскенін атап өтеді.

"Елдің мерейін өсіретін мереке құтты болсын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін! Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін!", - деді Сенат төрағасы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу