Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Жедел медицина ұлттық үйлестіру орталығының" басқарма төрағасы Арман Баянбаев Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Айта кетсек, медициналық авиация – бұл әуе көлігін тарту арқылы халыққа шұғыл түрде жедел медициналық көмек көрсету.
Республикалық деңгейде аталған көмек ел тұрғындарына 2011 жылдың сәуірінен бастап көрсетіле бастады. Жыл сайын бұл қызметке еліміздің үш мыңнан астам азаматы зәру.
Арман Баянбаев ҚР азаматтарына медициналық авиация түрінде шұғыл медициналық көмек көрсету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жүзеге асырылатынын атап өтті.
Біздің елімізде медициналық авиация жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Бұл тасымалдауға келмейтін, ауыр халдегі науқастарға және аймақтық дәрігерлердің қажетті техникасы немесе біліктілігі болмаса мамандар консультация жүргізу немесе операция жасау үшін оқиға орнына ұшып келеді;
- Мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін науқастарды өңірлерден облысқа, облыстан республикалық орталыққа тасымалдау арқылы оларға жоғары технологиялық көмек көрсету үшін;
- Донорлық органдар мен биометариалды тасымалдау үшін;
- Қашықтан көрсетілетін медициналық қызметтерге негізделген.
"Бүгінде медициналық авиация республика бойынша орта есеппен тәулігіне 3-тен 15-ке дейін рейстер жасайды. Рейстердің ең көп үлесі жарақаттану, оның ішінде жол-көлік оқиғалары салдарынан болған, сондай-ақ балалар арасындағы патология жағдайларында, қан айналымы жүйесі аурулары, жаңа туған нәрестелердің патологиясы, акушерлік және гинекологиялық, хирургиялық, терапевтік патологиялар және басқа да аурулар кезінде медициналық көмек көрсету мақсатында жүзеге асырылады, - деді спикер.