Катар инвесторлары Алматы облысында салынатын перзентхана құрылысын қаржыландырады. Бұл туралы Қазақстан-Катар жоғары деңгейдегі бірлескен комиссиясының 5 - отырысында мәлім болды.
"Қазақстан Катар мемлекетін Таяу Шығыстағы негізгі серіктес деп біледі. Екі ел арасында осыдан 27 жыл бұрын қалыптасқан дипломатиялық қарым-қатынас сенім мен құрметке негізделген. Катар – Қазақстанның уақыт сынаған сенімді серіктесі. Біз Катар билігінің Қазақстан үшін маңызы зор әлеуметтік нысанға инвестиция құюын жоғары бағалаймыз", – деді отырыста ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.
Айта кетейік, 2018 жылы Катар инвесторлары Нұр-Сұлтан қаласында бой көтерген мектеп-лицейдің құрылысына қаржы бөлді. Бірнеше күн бұрын бұл мектепке шейх Тамим бен Хамада әл-Танидің есімі берілді.
Қанат Махамбет