Мембюджеттің төрттен бір бөлігі әлеуметтік көмекке жұмсалып жатыр

984

Қазақстан мемлекеттік бюджеттің шығыстары 9% өсті. Оның 26% әлеуметтік көмек түрлері мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалуда, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мембюджеттің төрттен бір бөлігі әлеуметтік көмекке жұмсалып жатыр

2021 жылдың қаңтары мен мамыры аралығында мемлекеттік бюджеттің шығыстары 6,6 трлн теңгеге, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен қарағанда 8,8% өскен. Жалпы 2020 жылдың қаңтары мен мамыры аралығында шығыстар 16,7 трлн теңгені құрап, 2019 жылғы көрсеткіштен қарағанда бірден 23,6% өскен болатын. 
Зерттеу жүргізген мамандар бюджет шығыстарының басым бөлігі әлеуметтік көмек түрлері мен әлеуметітк қамсыздандыруға бағытталғанын хабарлайды. Нақтырақ айтқанда, бұл бағытта 1,7 трлн теңге – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен қарағанда 8,8% жұмсалған.

Шығыстар көбірек жұмсалған екінші сала – білім (1,4 трлн тг, +14,7%) болса, үшінші орында денсаулық сақтау саласы (805,9 млрд тг, +10,8%) тұр.
Өнеркәсіп, сәулет пен қала құрылысы саласындағы шығыстар 57,2% немесе 12,5 млрд теңгеге дейін азайған. Ал отын-энергетикалық кешен мен жер қойнауын пайдалану саласына бөлінетін қаражат 12,2% немесе 43,2 млрд теңгеге дейін қысқарған. Қарызды өтеу тұрғысында да шығыстардың 45,8% немесе 560,1 млрд теңгеге дейін өскенін атап өту керек.

Бұған дейін inbusiness.kz порталынан хабарлағандай, Реформалар жөніндені жоғарғы кеңес негізгі 10 ұлттық жобаны айқындаған болатын. Ұлттық жобалар тізіміне сапалы білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау мәселелері, эксономикалық өсім салалары кірген. Үкіметтің бағалауынша, ұлттық жобаларды жүзеге асыру құны 80 трлн теңгеге – жылына 15 трлн теңге тұрады. 

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу