Мемлекет басшысы жалпыұлттық телекөпірге қатысуда

1049

Мемлекет басшысы жалпыұлттық телекөпірге қатысуда

Бүгін елордада дәстүрге айналған жалпыұлттық телекөпір Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өз жұмысын бастады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Шара барысында Индустрияландыру картасы жобаларының тұсауы кесіледі. Мемлекет басшысы телекөпір режимінде нысандардағы өндірісті іске қосып, индустрияландыру аясындағы жобалар құрылысының басталуына белгі береді. Бүгін еліміздің барлық өңірлерінен 23 жоба іске қосылып немесе құрылысы басталатын болады. Олардың арасында "Алматы-Қапшағай" және "Астана-Теміртау" автомобиль жолдарын жаңғырту, "Екібастұз-Семей-Өскемен" электр желілерінің, Құрық елді мекенінде паром кешенін, Алматы сәнді аяқ киімдер өндірісін іске қосу жоспарланған. Телекөпір аяқталған соң ҚР Президенті "Парыз" байқауының жеңімпазына Гран-при және "Алтын сапа" байқауының аясында негізгі үш аталым: "Сапа көшбасшысы", "Ең үздік индустриялдық жоба", "Ең үздік инновациялық жоба" бойынша сыйлықтар табыстайды. Айта кетерлігі, Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру жылдарында 4 трлн теңгенің 961 жобасы іске қосылып, 90,6 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 2016 жылдың 10 айында 179,2 млрд теңгенің 63 жобасы жүзеге асырылып, 4,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру басталғаннан бергі аралықта жасалған жобалар бойынша 7,5 трлн теңге шамасында, оның ішінде 2016 жылдың 10 айында – 1,8 трлн теңгенің өнімі өндірілді. Орташа есеппен, Карта жобаларын іске қосу арқылы ай сайын 160 млрд тенге сомасынан астам өнім өндірілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу