Мемлекеттік кіріс комитеті ведомство қызметкерлеріне пара беретіндерді қолға алды

1129

Мемлекеттік кіріс комитеті ведомство қызметкерлеріне пара беретіндерді қолға алды

"Қатаң қылмыстық жауапкершілікке пара алатын шенеуніктермен қатар пара беретін тұлғалар да тартылады" – деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай ведомстваның дәстүрлі брифингісінде.

Мемлекеттік кіріс комитеті сыбайлас жемқорлықпен күреске уәкілетті органмен бірлесіп, кәсіпкерлер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тарапынан пара беру фактілерін анықтау жұмысын жандандырды.

"Басқа сөзбен айтқанда, біздің қызметкерлерге пара беретіндерді жауапқа тартуды қолға алдық", – деп атап өтті МКК ресми өкілі.

Өткен жылдан бастап мемлекеттік кіріс органдарының қызметкерлеріне пара берудің 25 фактісінің жолын кесілді.

Бүгінгі күні пара берушілердің жартысынан көбі (14) сотталды. Оларға айыппұл төлеу немесе бас бостандығынан айыру жазалары қолданылды.

Мысалы, 30 млн теңге айыппұл төлеуге "Газовое хозяйство Шымкент-Газ" ЖШС директоры Юсупов С. сотталды. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша МКД Экономикалық тергеулер қызметінің тергеушісіне қылмыстық іс бойынша оң шешім шығару үшін 1 млн теңге пара берген.

Маңғыстау облысының МКД қызметкеріне әкімшілік жазаға тартпау үшін 50 мың теңге көлемінде пара берген Сулейманов Я. және Грузия азаматы Масаливи М. ұсталды.

Масаливи 1 млн теңге, Сулейманов 500 мың теңге айыппұл төлеуге сотталды.

Соңғы екі жылда біздің қызмкетлерге жалпы соммасы 77 млн теңге пара ұсынған екен.

Мәселен, Қарағанды облысы бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасы  "Юг-Спецстройпроект" және "Phaeton concept" заңды тұлғаларының басшылығана қатысты қылмыстық іс бойынша тергеушіге пара беру фактісін әшкереледі.

Ташкенбаева Ж. деген азаматша бұл фирмалардың делдалы ретінде оларды қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін экономикалық тергеулер қызметінің тергеушісіне 27 мың АҚШ доллары көлемінде пара берген.

Ташкенбаева мүлкін тәркілеумен 6 бас бостандығын айыруға сотталды.

"Осылайша, біз салықтөлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Мемлекеттік кірістер комитеті пара беру фактілерімен қатаң күресетіндігі және барлық сұрақтарды заңды жолмен шешуге бел буғандығын нақты көрсетіп отырмыз", - деп сөзін түйіндеді М.Жұманбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу