Мемлекеттік тапсырыс көлемі 2 есе қысқарады

858

Мемлекеттік және жеке операторлардың қызметі реттеліп жатыр. 

Мемлекеттік тапсырыс көлемі 2 есе қысқарады

Үкімет отырысында бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Төрағаның сөзінше, 51 монополиялық оператор анықталды. Оның 47-інің мемлекетке қатысы бар болып шықты. 

"Біз не ұсындық? Оның 24-і бойынша арнайы құқық институты енгізіледі – олар қатаң реттеуге, бағалық, өзге қызметті шектеуге, бизнес құру кезінде залал келтірген жағдайда шығындардың орнын толтыруға жатады. 18 реттеу бойынша операторлар қоғамдық қызметі жүзеге асырады және табыс таппайтындықтан жоғарыдағы тізімге кірмейді. Қалған 9-ы бойынша нақты шара қабылданады: төртеуі жойылады немесе жекешелендіріледі, бесеуі операторлықтан айырылады", – деді Серік Жұманғарин. 

Оның айтуынша, мемлекеттің экономикадағы үлесін қысқарту қажет. 

"Қызмет түріне қарамастан, егер сектор шағын және орта бизнес субъектілерінің санын, мемлекеттік қолдау деңгейін ескере отырып жетілсе, оны толық жекешелендіру керек. Мысалы стоматология, қауіпсіздік, көлік қызметі, абаттандыру кәсіпорындары. Әрине Қазақстанның өңірлерін ескеру қажет. Маңызды аспект – мемлекеттік тапсырыс санын қысқарту. 2025 жылға қарай мемлекеттік тапсырысты шамамен 2 есе қысқартуды жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде экономикалық тиімділік 30 млрд теңгеден асады", – деді Серік Жұманғарин. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу