"Мені сиыр дейтін": Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы көрген қорлығын айтып берді

1509

"Шетелдегі қазақ балалары" жобасында шетелдіктер асырап алған қазақ қызы тәрбиешілерден көрген қорлығын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мені сиыр дейтін": Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы көрген қорлығын айтып берді Фото: Бейнежазбадан

Джорджия штатында тұратын қостанайлық Динараның есімі шетелге көшкеннен кейін де өзгермеген. Ол Америкаға 6 жасында барыпты.

"Кейде мен басқа елден асырап алынған қыз екенімді ұмытып кетем. Балалар үйінде көп қиындық көрдім. Туған шешемді көп күттім. Ол келмеді. Құдай жарылқап, ата-аналы болдым. Олар мені алып кеткенде, екінші рет өмірге келгендей болдым. Тілді тез үйреніп алдым", – дейді Динара.

Бірақ оның бал өмірі жоғары сыныпқа барғанда күрт өзгерген.

"Жоғары сынып оқып жүргенде ата-анам ажырасып кетті. Сондай күйзелістегі уақыт болды. Бірақ қазір бір нәрсеге көзім жетеді. Анам да, әкем де бақытты. Өз теңдерін тапты. Олар менсіз жаңа өмір бастады. Бірақ менің оған өкпем жоқ. Бәрін жақсы көремін", – деді ол.

Динара балалар үйіндегі көрген қиыншылығын да айтып берді.

"Мені 1-2 жасымда тастап кеткен. Нағыз ана керек кезінде тастап кетті. Мені киіндіретін, тамақтандыратын жайлы ортаның болғанын қалайтынмын. Үнемі ауыса беретін тәрбиешілер болды. Күн күркіресе "бұдан қорықпа" дейтін адам болмады жанымда. Біз бір отар қой болдық. Қайда айдаса, сонда барамыз. Ешқайсымызға мейіріммен қарамайтын. Үлкен апайлар мені "сиыр" деп айтатын. Ойлаңызшы?! Тәрбиешілер мені жек көретін. Жақсы тәрбиешілер де болды. Бірақ жамандары біздің үстімізден күлетін. Таяқпен сабайтын. Тіпті бір баланың үстіне үтік басқанын өз көзіммен көрдім", – деп жылап қалды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу