Министр ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту жұмыстарын сынға алды

2040

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен Алқа отырысында Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникалары паркінің тозуы жөніндегі мәселелер қаралды.  

Министр ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту жұмыстарын сынға алды

Жиын барысында елдегі тракторлар паркінің 85 пайызын және комбайндар паркінің 68 пайызын  пайдалану мерзімі 10 жылдан асып кеткен техникалар құрайтыны айтылды, деп хабарлайды ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Жалпы, ауыл шаруашылығы техникасының барлық паркінің орташа тозу деңгейі 76 пайызды құрап отыр.

 "2014 жылдан бастап мемлекет ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту үшін түрлі шаралар қабылдауда. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің инвестициялық шығындарын және ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке сатып алу кезіндегі пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау, сондай-ақ "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ желісі бойынша кредит және лизинг жүйлері қарастырылған. Алайда, ескі тракторлар мен комбайндардың үлесі азайған жоқ, керісінше, өсіп отыр", – деп Министр Сапархан Омаров саладағы техника паркін жаңарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды сынға алды.  

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов, 2018 жылы ауыл шаруашылығы техникасын жаңартудың орташа деңгейі 3,5 пайызды құрағанын, 1 жыл бұрын бұл көрсеткіш екі есе аз болғанын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл жеткіліксіз, себебі оңтайлы деңгей 10 пайызды құрау қажет. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту агроөнеркәсіптердің қаржылық жағдайларымен, сондай-ақ жоғары локализацияға сай отандық машина өндірісінің дамымағандығының салдарынан тежелуде.

Сонымен қатар, министрлікте атап өткендей, бүгінгі таңда республикада 147 мың трактор, 38 мыңнан астам комбайн, 4 мыңға жуық егістік кешені, 78 мың тұқым сепкіш және 300 мың бірлік мал азығын дайындау және топырақ өңдеу техникалары пайдаланылуда. Техникалардың ескіргендіктен жиым-терім маусымының мерзімі 2 есеге созылады. Яғни шыққан егістік өнімдерінің төмендеуіне, жанар-жағармай және т. б. шығындардың көбеюіне әкеліп соғады.

Жиын қорытындысы – бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров еліміздегі барлық ауыл шаруашылығы техникаларына түгендеу жүргізуді тапсырды. Ал, облыс әкімдіктеріне ескірген техникаларды уақытылы есептен шығару және жаңартуды қамтамасыз ету қажеттілігі айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу