Экологиялық нормаға сай келетін полигондар қай өңірлерде орналасқан?

426

Былтыр 4,1 млн тонна коммуналдық қалдық түзілді. 

Экологиялық нормаға сай келетін полигондар қай өңірлерде орналасқан? Фото: canva.com

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде коммуналдық қалдықтарды өңдеу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство басшысының дерегінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 4,1 млн тонна коммуналдық қалдық түзілген. Оның 24%-ы қайта өңделді.

"Әкімдіктердің ақпараты бойынша еліміздегі 207 қала мен аудандарда әртүрлі кезеңдерде қалдықтарды бөлек жинау 130 елдімекенде енгізілді. 2023 жылы республика бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының саны 3016 бірлікті құрады, оның ішінде экологиялық және санитариялық нормаларға сәйкес келетіні – 624 (20,6%). Павлодар облысында экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келетін полигондардың ең аз үлесі - 5 (321 полигонның жалпы санынан 1,56%), Солтүстік Қазақстан облысында – 11 полигон (450-ден 2,4%) және Абай облысында – 5 (170-тен 2,9%). Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша Астана (1 полигон), Шымкент (1 полигон) қалаларында, Түркістан (159 полигон) және Жамбыл (158 полигон) облыстарындағы барлық полигон экологиялық нормаларға сәйкес келеді", - деді Ерлан Нысанбаев. 

Сөзінше, былтырғы ғарыштық мониторинг қорытындысы бойынша қалдықтарды рұқсат етілмеген орынға орналастырудың 5 534 дерегі анықталды. Әкімдіктер оның 86%-ын жойды.

Айта кету керек, осыған дейін депутат Еділ Жаңбыршин "полигон" сөзінің орынсыз қолданылуына шүйліккенін жазған болатынбыз. Ресми деректерге сәйкес, әр қазақстандық жылына 210-215 келі тұрмыстық қалдық тастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу