Министрлік науқас қайтыс болған жағдайда дәрігерлерді қатал жазаламауды ұсынды

708

Жыл сайын елімізде медицина қызметкерлерінің үстінен кәсіби міндетін жөнді атқармады деген айыппен 300-ге жуық іс қозғалады.

Министрлік науқас қайтыс болған жағдайда дәрігерлерді қатал жазаламауды ұсынды Фото: primeminister.kz

Енді кез келген дәрігер кәсіби міндетін орындау кезінде ертең сотталып кетемін-ау деген оймен арпалыспайды. Денсаулық сақтау министрлігі медиктердің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жөнінде заң жобасын ұсынды. Бұл тосын жайт болып, науқастың денсаулығына зиян келген жағдайда, оған өтемақы төлеу үшін қажет. Бастапқыда әр маманды сақтандыру жұмыс беруші, яғни медициналық ұйымның есебінен жүргізілмек. 

Жыл сайын елімізде медицина қызметкерлерінің үстінен кәсіби міндетін жөнді атқармады деген айыппен 300-ге жуық іс қозғалады. Өзінің кінәсіздігін дәлелдеумен әлек болатын көбіне акушер-гинеколог, хирург, травматолог мамандар екен. Бірақ бір нәрсені түсіну керек, дәрігер-қылмыскер емес. Министр Ажар Ғиният осы пікірін алға тартып, науқастың денсаулығына зиян келтіргені немесе өліміне себепкер болғаны үшін дәрігерге қолданылатын жазаны жұмсартуды ұсынып отыр. Бір ескеретіні- немқұрайлылық немесе медициналық көмек көрсетпеу туралы нормалардың бұған еш қатысы жоқ. 

"Абайсыз, пиғылы жоқ медициналық көмек көрсету кезінде пациенттің өміріне медициналық қызметкерлер жауапқа тартылады осы бап бойынша, бас бостандықтарынан айырылады. 0805-0820 Орташа және ауыр зиян келтіргені үшін айыппұл мөлшері мен қамауға алу мерзімін азайтып, пациенттің денсаулығына ауыр зиян немесе қайтыс болған жағдайда бас бостандығынан айыру жазасының мерзімін қайта қарау мен оны бас бостандығынан шектеуге ауыстыруды сұрадық", - деп түсіндірді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Медицинада тосын жайттар жиі болып тұрады. Бірақ оқыс оқиғалардан ешкім сақтандырылмаған, тіпті медицина қызметкерінің өзі де. Бүгінде пациенттің денсаулығына зиян келсе, дәрігер тума-туыстарынан қаражат жинап, келтірілген зауалды өтеуге мәжбүр болады. Министрлік ұсынып отырған заң жобасы қабылданса, бұл мәселе шешімін таппақ.

"Жұмыс беруші медициналық ұйым сақтанушы болады. Комиссия науқастың денсаулығына зиян келді деп шешсе, пациентке төлем алу үшін сақтандыру компаниясына жолданады. Ал пациент комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда шағым сараптамалық қорытынды беру үшін медицицналық және форматевтикалық бақылау комитетіне берілетін болады. Төлемнен бас тартқан, қанағаттанбаған жағдайда пациент сотқа жүгінуге құқылы", - дейді ҚР Денсаулық сақтау  министрі Ажар Ғиният.

Заң жобасына сәйкес, медицинадық ұйым әр маман үшін сақтандыру құнын бюджет қаражаты есебінен төлейді. Медбикелер үшін сақтандыру құны -12 мың теңге, ал нейро, кардиохирург сынды әр күнін өліммен арпалысқа арнайтын дәрігерлер үшін 70 мың теңге болмақ. Демек емханалар жыл сайын сақтандыруға 3 млн, ал көпбейінді медицицина орталықтары шамамен 6 млн теңге жұмсайды. Министрдің сөзінше, бұл заңнан әуелі пайда көретін  пациент. Себебі, дәрігерді қамауға отырғызғаннан, оның денсаулығының кемістігі орнына келмейді. Ал сақтандыру есебінен төленген қаражат ары қарай ем алуына көмек болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу