Министрлік жекеменшік жатақханаға 20 млн теңге қарыз

583

Маңғыстаулық студенттер жаңа жылды далада қарсы алуы мүмкін. 

Министрлік жекеменшік жатақханаға 20 млн теңге қарыз

Осы уақытқа дейін оларды баспанамен қамтамасыз етіп келген жекеменшік жатақхана қарызға батқан. Тіпті, білім алуда аса қажетті сапалы интернет жоқ, - дейді жатақхана басшылығы.

Ал басты мәселе Ғылым және жоғары білім министрлігіне келіп тіреледі. Себебі, мемлекеттік серіктестік негізінде студенттердің жату ақысын өтейтін қаражат соңғы 7 ай бойы төленбеген. 

Иә, жалдамалы пәтерде тұруға барлығында бірдей мүмкіндік жоқ. Қазір жатақханада жату үшін әр студент небәрі 12 000 тг төлейді. Қалған 50 %  қаражатты мемлекеттік серіктестік негізінде білім министрлігі тарапынан өтелу қажет. Алайда, оның өзі соңғы 7 ай бойы кешіктірілген. Салдарынан мекеме 20 млн теңгеден аса қарызға батқан. Студенттер енді емтихан алдында интернетке зәру болып қалған. 

"Жауапты министрлік пен жекеменшік жатақхана 2019 жылы келісімшартқа отырған. Биыл қаражатқа қатысты кешіктірулер жиі болыпты.  Министрлік мұны Үкіметтегі өзгерістермен байланыстырып отыр", дейді Жатақхана меңгерушісі Баян Мейірбекова.

"Министрлік екіге бөлініп, қайта құрылымдалғандықтан маусым айынан бері қаражат төлеу тоқтатылды. Қазіргі күнде шарт тіркелуде тұр. 29шы желтоқсанға дейін осы жылдың 29шы желтоқсанына дейін шарт тіркеліп, осы барлық қарыз қаражаттар бірден яғни төленетін болады", деді Жоғары білім және ғылым министрлігі Қаржы орталығының менеджері Арманай Мирасқызы.

Ал алдағы күндері келісімшарт аясындағы талаптар толық орындалса, жаңа жылды студенттер жатақханада қарсы алады. 

Нұрлан Қуанышбай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу