Мүмкіндігі шектеулі азаматтар ақпаратты sms арқылы алады

1343

Алдымен eGov.kz. порталына тіркелу керек, оның төрт тәсілі бар. 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар ақпаратты sms арқылы алады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі электрондық үкімет порталындағы тағы бір қызметті алуды жеңілдетті, деп хабарлайды ведмоствоның баспасөз қызметі.

Енді мүгедектіктің болуы туралы ақпаратты растауды алу электрондық цифрлық қолтаңбасыз (бұдан әрі – ЭЦҚ) sms – хабарлама арқылы алу мүмкін болып отыр.

Алдымен eGov.kz. порталына тіркелу керек, оның төрт тәсілі бар. Бірінші – тіркелген логин мен пароль арқылы. Екінші – электрондық цифрлық қолтаңба арқылы. Үшінші – SIM-картаға бекітілген ЭЦҚ арқылы, ал соңғысы – бір реттік пароль арқылы. "Қызметтер" қосымшасында тіркелгеннен кейін "әлеуметтік қамтамасыз етуді" таңдау қажет, одан әрі ұсынылған тізімде "мүгедектікті растау туралы анықтама алу" батырмасын басып, қызметке онлайн тапсырыс беру қажет. Жаңа терезеде пайдаланушының ЖСН мен келесі тармаққа өту ұсынысы экранға автоматты түрде шығады.

Екінші қадам кезеңінде сұраныстың енді екі түрлі нұсқасы бар. Олардың біреуі ЭЦҚ арқылы, ал екіншісі – бір реттік sms-пароль арқылы жүргізіледі. Ұялы нөмірге келген кодты ұсынылған жолға енгізу қажет. Содан кейін үшінші қорытынды қадамға көшу – сұрау салу нәтижесі жүзеге асырылады. Экранда қызметтің мәртебесі мен мерзімі туралы ақпарат пайда болады. Содан кейін eGov.kz-тағы жеке кабинет арқылы сұратылған деректердің дайындығы туралы ақпаратты алу үшін кіріс хабарламаларына өту қажет. Бұл қызметті sms-код арқылы алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу маңызды. Бұл үшін ХҚКО-ға немесе оны eGov.kz-тегі жеке кабинетте өз бетінше жасауға болады.

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда мүгедектігі бар 690 мың адам бар, оның 61,5% – еңбекке жарамды жастағы адамдар, 25,6% – зейнеткерлікке шыққандар, 12,9% – 18 жасқа дейінгі балалар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу