Нарендра Моди "жыл адамы" атанды

917

Нарендра Моди "жыл адамы" атанды

Time журналының нұсқасы бойынша Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди "жыл адамы" атанды, деп жазады ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz.

18% дауыс жинаған Моди, сауалнамаға қатысқандар арасында осы жылдың беделді тұлғалары деп есептелінген АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обамадан, жақында сайланған президенті Дональд Трамптан және WikiLeaks басшысы Джулиан Ассанждан басым түсті. Олардың еншісінде 7% дауыс.

Бұдан бөлек, Үндістан премьері Facebook-тың негізін қалаған Марк Цукербергті (2%) және АҚШ-тың экс-бірінші ханымы Хиллари Клинтонды (4%) да артқа тастады.

Аталмыш журналдың хабарлауынша, бұл рейтинг 7 желтоқсанда белгілі болады, оны редакторлар алқасы шешеді.

Өзекті саясат орталығының (Pew Centre) дерегі бойынша, соңғы уақытта Модидің Үндістандағы рейтингі айтарлықтай жоғары болған. Бұндай көрсеткішке Климат бойынша Париж келісімін бекіту, сондай-ақ Үнді елінің экономикасына кері әсері тиюі мүмкін 1000 рупиді айналымнан алып тастау жөнінде шешім қабылдауы септігін тигізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу