Нарықтағы ахуал Жапония экспортының төмендеуіне әкеліп соқты

1650

Жапония экспорты соңғы сегіз айда құлдырауды бастан кешіп отыр. 

Нарықтағы ахуал Жапония экспортының төмендеуіне әкеліп соқты

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, әсіресе автобөлшектер мен жартылай өткізгіштердің сатылымы төмендеп кеткен. 
Жапония қаржы министрлігінің дерегіне сүйенсек, шілде айында экспорт былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,6 пайызға кеміген. Ал Bloomberg экономистері қысқару 2,3 пайызды құрады деп отыр. 

Ел экспортының төмендеуі жағдайында Жапония экономикасын ішкі сұраныс демеп келген. Бірақ әлемдік экономиканың қазіргі ахуалының кесірінен бұл көпке созылмауы мүмкін, дейді бірқатар сарапшы. Қытай экономикасы өсімінің қысқаруы, сауда текетіресі мен геосаяси шиеленістер жаһандық экономиканың жағдайын нашарлатып отыр. Биылғы көрсеткіштер он жыл бұрынғы қаржы дағдарысы кезінен бергі ең төменгі деңгейге жеткен. Биыл Жапонияның Қытайға жасаған экспорты өткен жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға қысқарған. Ал Оңтүстік Кореяға тауар жеткізуі 6,9 пайызға азайып отыр. 

Mizuho Securities Co. бас экономисі Норио Миягаваның айтуынша, экспорт көлемінің азаюы инвестицияны тежеюі мүмкін. Өйткені әлемдік экономиканың қазіргі жағдайы компаниялардың қатты алаңдатып отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу