Мұндай мәлімдемені НАТО-ның бұрынғы Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Оның үндеуі бейсенбіде Financial Times газетінің сайтында жарияланған авторлық мақалада жазылған.
"Қақтығыстың алдын алу үшін, біз қазір Тайваньға өзін-өзі қорғауға қажет бар қаруды беруіміз керек. [ҚХР Төрағасы] Си Цзиньпинь соғыс қымбатқа түсетінін түсінуі керек. Сондай-ақ, егер Қытай шабуыл жасаса, [АҚШ] президенті Джо Байден АҚШ-тың Тайваньға көмектесуге дайын екендігін қайта мәлімдегенін де ескеру қажет. Бұл мәлімдеме стратегиялық түсініксіздіктің орнына стратегиялық айқындық келгенін көрсетеді. Осы жерде бәріне белгілі бір қанатты сөз орынды болар: Бейбітшілікті қаласаң – соғысқа дайын бол!" — деп жазды Расмуссен.
Ол әлемдік қауымдастықты Украинадағы қақтығыстан сабақ алуға шақырды. Оның айтуынша, батыс демократиясы Ресейге тосқауыл қою арқылы соғыстың алдын ала алмады және "Қытаймен мұндай қателікке жол бермеу керек".
Расмуссен Егер Батыс Украинаға заманауи қару-жарақтың едәуір мөлшерін алдын-ала берген жағдайда Украинадағы қақтығыстарды болдырмауға болатын еді деп санайды. Осыған байланысты демократиялық елдердің басшылары "Қытайдың Тайваньдағы жағдайды күшпен өзгертуге бағытталған кез-келген әрекеті ЕО Украинадағы Ресей Федерациясының Қарулы күштерінің арнайы әскери операциясына қалай жауап берсе, тура сондай шаралар Аспан асты елін күтеді" деп нақты айтуы керек.
Сонымен қатар, НАТО-ның бұрынғы басшысы Тайбэйдің өзін қорғауға дайын екенін көрсету үшін әскери қызмет мерзімін төрт айдан бір жылға дейін ұзарту туралы шешімін құптады.
Оның пікірінше, Батыс Қытайдың Тайваньға шабуылының алдын алу арқылы Украинаның Ресейге қарсы жеңісін қамтамасыз ете алады. Әйтпесе "Қытай мен басқа авторитарлық елдер әлемдік демократияның әлсіз екенін, ядролық қарумен бопсалау мен әскери агрессияның тиімді екенін түсінеді".