Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігі 100 электробус сатып алуды көздеп отыр

681

Елорда ЕАЭО-дағы электромбилі ең көп қалаға айналмақ.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігі 100 электробус сатып алуды көздеп отыр Фото: sputniknews.kz

Bloomberg New Energy Finance зерттеушілерінің дерегіне сүйенсек, 20 жылдан кейін әлемде қалалық автобустардың үштен екісі электр қуатының күшімен жүретін болады. Қазіргі таңда электробусты бірқатар елдер көптеп пайдаланады. Олардың қатарында Қытай, Финляндия, Нидерланд және Ұлыбритания бар. 

Қазақстан да осы трендке біртіндеп қосылуда. 2019 жылы қалалық әкімшіліктер электробустарды енгізу бойынша бірнеше жобаны іске асырған болатын. Бүгінгі таңда Ақтау қаласында 5 электробус, Павлодарда  бұл көліктің 10 шақтысы жолаушыларға қызмет етеді. Ал қараша айында Алматыда 10 электробус қолданысқа енгізілді. Жыл соңына дейін шаһарда электр қуатымен жүретін тағы да 40 көлік жүре бастайды. 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігі де жуырда 100 электробус сатып алуды көздеп отыр. Егер жоспар іске асса, онда ел астанасын Еуразиялық Экономикалық Одақтағы электромбилі ең көп қалаға айналады. Мысалы, Мәскеу 2020 жылдың соңына дейін 600-ге тарта отынсыз жүретін автобусты сатып алмақ. Яғни ондағы 1 электробус 21 мың адамға есептелсе, Нұр-Сұлтан қаласында мұндай 1 автобус 11 мың адамды тасымалдайтын болады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу